Тәрбие сағаты сынып жетекшілерімен кіріспе сөзімен басталды.
Мұғалім сынып сағатының мақсаты мен мазмұнына тоқтала келіп,
кезекті жүргізуші оқушыға берді. Жүргізушілер Убайдулла Асхат пен Қорғаш Айымжан ЖИТС-ке байланысты қысқаша мәліметтер оқыды.

Іс – шара барысында оқушылар өз ойларын айтып, білімдерімен бөлісті.
8 «Б» сынып оқушысы Жардембек Асель өзі жазған өлен шумақтарын мәнерлеп оқып берді. Арасында бейне фильм көрсетілді. Сол бейнефильмге байланысты оқушылар сұрақтарға жауап берді.
Қорыта келгенде «ЖИТС- ғасыр дерті» -атты тәрбие сағаты- жас ұрпақтарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатына жеттік.

Сынып жетекшісі: Нурпейсова Г.А.
Беркутова А.М.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны