Отбасы ойындары – спорттық іс-шаралардың ең әсерлі және қызықты түрі. № 21 орта мектебінде «Салауатты өмір салты-ұлт денсаулығының кілті» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Жарысқа келесі құрамдағы отбасылар қатысты: анасы, әкесі,әжесі, атасы және бірінші сынып оқушысы. Олар: Кушимбаевтар отбасы, Кочетковтар отбасы, Погореловтар отбасы.
Спорттық – отбасылық мереке өте жақсы өтті. Эстафеталар арасында көп музыкалар, билер болды. Жанкүйерлер өз командаларын дауыстап қолдады. Отбасылық командаларды жеңіске деген ұмтылыс біріктірді. Жарыс «Бәйге», «Тенге алу» сияқты қазақтың ұлттық ойындарынан құралған бес кезеңнен тұрады.
Әділқазылар эстафетаның қорытындысы бойынша шешім шығарды:
І орын – Кушимбаевтар отбасы алды.
ІІ орын – Кочетковтар отбасы алды.
ІІІ орын – Погореловтар отбасы алды.
Барлық командалар мадақтамалар мен сыйлықтар алды.
Бұл мереке ата – аналар мен балалардың есінде ұзақ қалды.

.jpg)

.jpg)
.jpg)
.jpg)


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны