1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «ЗЕРДЕ» ХІІІ
республикалық конкурсында біздің мектептің бастауыш сынып оқушылары жүлделі орынға ие болды. 2 «б» сынып оқушылары Аскатқызы Жаным мен Шамиль Айнур – І дәрежелі диплом иеленсе, 3 «Ә» сынып оқушысы Алтынбекова Айнара – ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Байкен Зульфия Серікқызына шығармашылық табыс тілейміз. Мектеп ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Биіктен көріне беріңіздер!

