«Эко Болашақ 2017-2018» атты акциясының екінші кезең аясында.
Астана қаласы, №51 мектеп гимназиясы
«Эко Болашақ 2017-2018» атты акциясының екінші кезең аясында.
Астана қаласы №51 мектеп гимназиясында Қ Р Білім және ғылым министрлігінің «AGRIPP Business Group»ЖШС-нің «жасыл экономикаға» көшу шеңберінде қағаз қалдықтарын жинау туралы хатына сәйкес ұйымдастырылған экологиялық акция жоспар бойынша 23/10-04/11/2017ж өтуде.Ұйымдстыру тарапынан жеңімпаз мектептер пен жеке оқушыларға ынталандыру сыйлықтары мен Австрияға баруға тегін жолдама қарастырылған.
Мақсаты : Өскелең ұрпақтың үнемшілдікке тәрбиелеу,қалдықтарды бөлек жинау ұғымы мен оның маңыздылығына назар аудару,экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Екінші мәрте қайта пайдаға асырып елімізде ағаш ресурстарына аз да болса көмек беру.
Бірінші кезеңде мектеп- гимназия оқушылары бірден ат салысып, Эко болашақ жобасын қолдап 1531 кг макулатура өткізді. Нәтижесінде мектебіміз төртінші орын иемденіп, бір тал жеміс көшетіне сертификат алғанын атап өткіміз келеді.Осы кезең барысында Жүргізілген жұмысбарысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:, Ысмайыл Ғ.Қ, Молдашбаева С.А, кітапханашы Дуйсеманова Қ Ж, сынып жетекшілер ат салысты. Жобаның жоспары құрылып,хабарлама жасалды. Акция барысында оқушылар мен ата-аналарға үгіт-насихат жасау сынып жетекшілерге жүктелді. Үгіт-насихат жасалып 1-11 сыныптар арасында әр оқушы мүмкіндіктеріне қарай шамамен 4- 5 кг-нан әкеліп тапсырды.
Жоспар бойынша жобаның регламенті мен постер ілініп қойылды.Ұйымдастыру кезеңінде әр сыныптан оқушының макулатурасы таразға тартылып есеп жүргізіліп отырды. Атап айтсақ: 11«б», 11«ә»,10 «б», 10«в»,9 «д», 8 «г», 5 «е», 6 «б» 7 «е» сынып жетекшілері Алмабаева Ә.А, Молдағалиева Г.Ә, Дуйсенбаева А.Ж,Сейтжанова Г.С,Галиева З.Т, БитемірА.Б, Г.М.Сүлейменова лар және 1-4 бастауыш сыныптары мен сынып жетекшілері түгел ат салысты.
Жыйналған макулатураны каробка, пакеттерге салып белінен буылып
Қабанбай Батыр 8, офис 010 мекен жайына өткізілді.
«Эко Болашақ 2017-2018» акция аясында біздің мектеп- гимназиясың оқушылары әрбір қағаздың қадір қасиетін біліп, өз үлестерін қоса отырып, жалғасын табады деген ойдамыз және екінші кезеңнің нәтижесін күтудеміз.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии