Астана қаласы әкімдігінің МКҚК "Оқушылар сарайы" ұйымдастырған Ашық қалалық техникалық шығармашылық чемпионатына мектебімізден 7,9 - сынып оқушылары үш номинация бойынша қатысып, жүлделі І,ІІ,ІІІ-орындарды жеңіп алды. «Бастапқы техникалық моделдеу» мен «Кеме жасау үлгісі» номинациясы бойынша Молдабеков А- І орын, Тұрсынбай Б - ІІ орын, Исаев Е -ІІ орын, Есіркеп С- ІІІ орын иеленсе, «Робототехника» номинациясы бойынша Карменов М, Ермагулова Д -ІІ орынды иеленді.
Жетекшілері: технология пәні мұғалімі Мүшелбай Азат пен физика пәні мұғалімі Мерәлі Нұрпейісті жетістіктерімен құттықтаймыз. Шәкірттеріңіз белестерді бағындырып, биіктерге самғай берсін!



Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны