Рухани жаңғыру мақаласы аясында «Рухани байлық – адамзаттың ұлы ұстазы» тақырыбында жазушы-драмматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевпен кездесу өткізілді.
Елбасымыздың Рухани жаңғыру мақаласы аясында «Рухани байлық – адамзаттың ұлы ұстазы» атты Махамбет сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Айтматов Академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевпен кездесу өтті. Кездесуге ақындар Маржан Ершу, Бауыржан Қарағызұлы, «Ақжайық» журналының редакторы Ғабит Халықұлы қатысты. Кездесу барысында мектеп оқушылары жазушыға өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесудің беташары болған жазушының «Бас» романы бойынша қойылған сахналық қойылымның біздің мектепте Республика бойынша үшінші рет қойылып отырғандығы айтылды. Мектебіміздің 1-сынып оқушысы кішкентай Рахымжан жазушыға тақпағын арнап, 11-сынып оқушысы Даяна жазушының портретін салып, сыйға тартты.





Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны