Ақпан айының 2-ші жұлдызы күні №48 мектепте Астана қаласы Алматы ауданы ІІБ ЖПҚ ЮПБ инспекторы, полиция майоры Бексұлтан Бахтияр Ибрагимұлы «Террористтік іс-әрекеттердің алдын алу» тақырыбында лекция оқыды. Лекцияға мектеп ұстаздары, мектеп қызметкерлері, күзетшілер толығымен қатысты. Барлық қатысушыларға террористтік іс-әрекет - ол үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан-лоққы мен зорлық-зомбылық екені түсіндіріліп, оның «зорлық‑зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесір тигізу» сынды басты белгілері айқын айтылды. Сонымен қатар,сынып жетекшілерге секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы оқушыларға сынып сағаттарында көбірек хабардар ету тапсырылды. Ислам дінінде террорға, зорлық-зомбылыққа, бейбіт жандарға күш қолдануға қарсы екені айтылып, сонда да заңға қайшы іс-әрекеттерден гөрі қоғамның әр мүшесін бағалау, мүмкіндігінше күнделікті өмірде жақсы амалдар жасау, адамгершілік қасиеттерді үнемі шыңдау мәселелері лекцияға қатысқан әр тұлғаға ой салды.
Жаман айтпай, жақсы жоқ демекші террорлық әрекет кез-келген адамның өмірінде кездесе қалған жағдайда әркім өздерін жамандықтан қорғауда алғашқы іс-әрекеттері жайлы хабардар болды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны