2 ақпан күні мектебімізде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Айтжанова Сауле Оразбайқызы «Қарым-қатынас әліппесі» тақырыбында 1 «В» сыныбымен Сагибаева Дария Мұхтарқызы «Өнерлі бала – сүйкімді» тақырыбында 3 «Б» сыныбымен сабақ өткізді.
Сәуле Оразбайқызы бірінші сынып балаларының деңгейіне сай сұрақтар қоя отырып, оқушылардың тақырыпты терең түсініп және жүрегімен сезінуіне жағдай жасауы оның педагогикалық шеберлігінің өте жоғары екендігін көрсетті. Сабақ балалар үшін өте әсерлі, өнегелі болды.
Дария Мұхтарқызы Әбілхан Қастеевті балаларға өнеге ретінде көрсетуі, өнерлі балалардың өнерлерін сабақ үстінде тамашалау арқылы балалардың ішкі жан дүниесіне әсер ете білді. Өтілген сабақтан жағымды әсерленіп, өнерге деген ықыластарының артқаны балалардың көзінен байқалып тұрды.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны