Меню KDT

Новости

Главная Новости

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТҰҢҒЫШ ЭКО ФЕСТИВАЛЬ! "АСТАНА! БІРГЕ ЖАРҚЫРАЙМЫЗ!"

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТҰҢҒЫШ ЭКО ФЕСТИВАЛЬ! "АСТАНА! БІРГЕ ЖАРҚЫРАЙМЫЗ!"

     Астана қалалық Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебі басшымыз Сегізбай Алмагүл Тілектесқызынан бастап, жаңалыққа жаны құштар педагогикалық ұжымнан құралған білім ордасы. 27 қаңтар күні ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі, БҰҰ даму бағдарламасы, " Оператор РОП» ЖШС, Teksan компаниясымен бірлесе отырып, оқушы бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Астананың 21 мектебі қатысып, қаланың барлық мектептерінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары шақырылған Республикалық тұңғыш эко фестиваль өткізілді. Түрлі экологиялық сабақтар, шеберлік сыныптар, эко-сөмкелер, stem-лабораториялар, велокурс, флэшмобтарды қатысушылар ерекше қызығушылықпен қабылдады. Фестиваль аса ауқымды әрі жан-жақты шара ретінде оңынан бағаланды. Бүгінгі ауқымды шараға қатысып, шынайы жүрекжарды алғыстарын білдірген ҚР Білім және Ғылым Министрлігі білім беру аясы бойынша бақылау комитетінің төрағасы Ешенкулов Талғат Ілиясұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірқанұлы, ҚР (БҰҰДБ) Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары - Мунхтуя Алтангерел, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Диголь Диана, Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастық басқармасының төрағасы - Соловьева Айгуль Сагадибековна, «Оператор РОП» ЖШС бас директоры - Коротенко Светлана Николаевна.   Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастық төралқасының мүшесі - Рахимбекова Салтанат Темиркуловна, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Жангозин Ануар Қанатұлы, т.б. құрметті қонақтарымыз болды. Фестивальге белсенді қатысқан оқушылар мен мұғалімдер, білім ордалары Алғыс xаттармен марапатталды. Жабылу рәсімі "Бірге жарқырайық!" фестивалінің Әнұранымен аяқталып, тазалық пен жылылықтың әсері талай жүректерден орын алды деп айта аламыз!


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны