2018 жылдың 30-шы қаңтарында №52МГ «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ Астана қалалық филиалының директоры Амангелді Нұрланұлы Боданов пен «Биоақпараттану және синергетика» технологиясының авторы Федор Яковлевич Вассерман қатысуымен көшбасшылар кеңесі өтті. Кеңес барысында көшбасшылар сөз алып, жоспарға сәйкес атқарып жүрген жұмыстарымен таныстырды.
Оқушылармен кері байланыс орнатып болған соң, Федор Яковлевич көшбасшы, заңгер және министрліктегі оқушылармен тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: командадағы оқушыларды бір-бірімен жұмыс жасап, ортақ мақсаттағы бірлігін нығайту болып табылды.
Сонымен қатар, «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі Аманкелді Нұрланұлы «ЖасҰлан» ұйымының жұмысы жеті бағыт бойынша іске асырылатын және ол жұмыстардың басталып кеткендігін атап өтті. Көшбасшыларға сәттілік тілеп, іскер қадамдарын «Жасқыран! Жасұлан! Қазақстан!» - ұран сөздерімен жинақтап, жас патриоттар жігеріне жігер қосты.
Оқушылар келген қонақтарға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны