Меню KDT

Новости

Главная Новости

Құттықтау


27 қаңтар күні №38 мектеп-лицейде осы қасиетті қара шаңырақ білім ұясын 17 жыл бойы үздіксіз басқарған,  ұлағатты ұстаз,  Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің, Құрмет орденінің және Қазақстанның Еңбегі сіңген қайраткері Қасымбек Жамал Базарқұлқызы атындағы педагогикалық шеберлік кабинеті ашылды. Кеш қонақтары Астана қаласы Білім басқармасында басшылық қызмет атқарған Қоржықова Асият Досымбековна, политехникалық колледж директоры Сенғазыев Қасымхан, № 30 мектеп директоры Азимханова Сауле Мыншаловна, №2 Өнер мектебінің директоры Гүлмира Жангелдіқызы, ата-аналар кеңесінен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметкері Гүлмира Мұғалқызы, Рухани жаңғырту орталығы директоры орынбасары Нұржамал Кәрімбердіқызы, мектеп-лицейдің ардагер ұстаздары Менкамал Иманбекқызы, Ақсымбат Төлеуханқызы және №82 Дарын мектебінің ұстаздары қатысты.

 Кабинеттің салтанатты ашылу рәсімі Асият Досымбековна мен Қасымхан Сенғазыұлына тапсырылды.  Жаңашыл бағытта шығармашылықпен ашылған кабинеттің тұсаукесері өте сәтті өтті. №38 мектеп-лицей мектеп директоры Камила Кәрімбердіқызынан бастап, мектеп ұжымы осы кабинеттің ашылуына барынша атсалысты. Бұл кабинеттің ішінде ұстаздар қауымы шығармашылықтарын шыңдай түсуі үшін қажырлы еңбек атқаратыны белгілі.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны