№37 мектепте өткен қалалық «Астанамен бірге жарқыраймыз» атты фестиваль
Мектеп-гимназиямыздың директоры , педагогика ғылымдарының кандидаты Нугуманова Самал Ботаханқызының бастамасымен «гидропоника»-ғылыми зерттеу жобасы мектебімізде іске асырылып, жұмыс жасап келеді. Осы уақыт аралығында көптеген биіктерді бағындырып, оқушыларымыз түрлі ғылыми-жобалардың жүлделі орындармен оралуда . Соның айқын бір дәлелі кешегі ғана Астана қаласы №37 мектепте өткен қалалық «Астанамен бірге жарқыраймыз» атты фестивальға қатысқан биология пән мұғалімі Құрманбаева Марика Дәлелханқызы мен шәкірттері «гидропоника» жобасын қорғап, жүлделі орынға ие болып арнайы сертефикат сыйлықтарымен марапатталды.
Тағы бір шәкіртіміз Сейтжан Асылжан қазылар алқасының көңілінен шығып, Алия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның «алғыс хатымен» марапатталды. Мектебіміздің мерейін асырып, жүлделі орыннан көрінген ұстазбен шәкірттерімізді құттықтап, алдағы уақытта да бағындырар биіктері көп болсын демекпіз!