Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театр қабырғасында
2018 жылдың қаңтардың 19 күні Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театр қабырғасында ҚР Бас прокуратурасының ұйымдастыруымен қаланың 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Мектебімізден педагог-психолог Б.Е.Куатбаевамен 9 «В» сынып оқушылары қатысып, көрермен болып қайтты.
Осы іс-шараның мақсаты: терроризм мен экстримизмнің алдын алу және оқушыларға ақпарат бере отырып, түсініктерін кеңейту.
Іс-шара барысында ҚР Бас прокуратурасы Құқыққорғау Академиясының ректоры Ш.Ш.Шаяхметов сөз алып, бүгінгі таңдағы әлемдік мәселеге айналған тақырып екенін айтты. Еліміздің амандығын, тыныштығын сақтау үшін барлық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айта кетті.
М.М. Алишева оқушылардың «Терроризм мен эктримизм» туралы түсініктерін кеңейту мақсатында сұрақ-жауап жүргізе отырып, тренинг өткізді. Осы жұмыс барысында оқушылар адамның қалай «террорист» атанатыны туралы сөз қозғап, ойларымен ашық бөлісті.
Тренинг соңында осындай тақырыпта фильм көрсетілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии