Кітап көрмесі: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» (11.01.2018 ж.)
Осы тақырыппен колледж кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауына арналады.
«Біз тәуелсіз Қазақстанды құрдық, 2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түстік» -деді Президентіміз және бірнеше міндеттерді белгіледі. Олардың ішінде, «Индустрияландыру жаңа технологияларды еңгізудің көшбасшысына айналуы тиіс», «Адами капитал –жаңғыру негізі»-білім берудің жаңа сапасы, «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт».
Көрменің мақсаты: Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек, «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.Өзінің тарихын,тілін,мәдениетін білетін,шет тілдерін меңгерген қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии