2018 жылдың 19-шы қаңтарында сағат 17.30-да мектеп Парламентінің ата-аналары мен «Қамқоршылық кеңес» мүшелеріне арналған іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында директордың тәрбие ісі жөнінгдегі орынбасары Ләйлә Сағитқызы алғы сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша түсінік беріп кетті. Әрі қарай мектеп Президенті сөз алып атқарушы биліктің жұмысымен таныстырды, мектепте «Шаңырақ» бағдарламасы, «school&life» бағдарламасы және «Биоақпараттану және синергетика» технологиясымен жұмыс жасайтынын жеткізді. Әрі қарай мектептің Бас заңгері, ІІМ, Спорт министрі, Мәдениет министрі, Ақпарат және технология министрліктері сөз алды, өз жұмыстарының жоспарымен таныстырып, есеп берді. Министрліктердің есебінен кейін мектептің КВН командасы әзілдерінен тарту жасады. Іс-шара аяғына қарай мектептің мұғалімдері мен оқушылары бірлескен ата-аналар мен балаларға, отбасыға қатысты мәнді әрі мағыналы көрініс қойды. Мектеп өміріне белсене ат салысып жүрген оқушылардың ата-аналарына алғыс хат берілді.


Қорыта келе іс-шара өте жоғары деңгейде болды. Ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері алғысын айтып, қолдау көрсететіндігін білдіріп жылы-жылы сөздермен тілектерін айтты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны