Бүгін 19 қаңтар күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде «Руxани жаңғыру» аясында Жүз жаңа есімге енген Қазақстан Республикасының "Жұлдыз" балалар қоғамдық орталығының Республикалық Одақ президенті, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Дмитриенко Елена Александровнамен бірге жаңа үлгіде конференция өткізілді. Мектептегі Өзін-өзі басқару тобының тікелей атсалысуымен өткізілген бұл конференция барысында мектепішілік БАҚ тобы мен мектеп көшбасшыларының, мектеп президентінің, сараптаушы және сөздік қор тренерлерінің белсенділігі ерекше байқалды. Бала жанының дәрігері іспетті Елена Александровнамен шынайы әңгіме өрбіп, оқушыларымыздың руxани жандана түсуіне жол ашылды десек те болады. Конференцияны жүргізудегі 10-сынып оқушысы Мырзабекова Алана мен мектепішілік БАҚ оқушы-журналистерінің шәкірттік толғаныстан туған шынайы сұрақтары басты кейіпкерімізді ерекше бақытқа бөлей алды. Конференция барысында келген қонағымыз Ақбота қоғамдық қорының директоры Татьяна Николаевна Немцан басты кейіпкерімізге ерекше алғысын білдіріп, өзінің Елена Александровнаның студент шәкірті болғанын мақтанышпен еске алды. Оқушы-студент-педагог арасындағы жан жылытар бұл шара мектебіміздің руxани өмірінде көпке дейін орын алатын дүние боларына сенімдіміз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны