Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп – гимназиясында «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай өсіп келе жатқан жастардың бойында білімге деген талпынысын, ұлттық патриотизмді қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерін арттыру мақсатында «Көшбасшы – оқушы» интелектуалдық сайысы өтті. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Сайыс соңы мараттау рәсімімен ұласты. І орын Бауыржанқызы Ақжан. ІІ орын Тутинбаева Мадина. ІІІ орын Құрмашев Мағжан. Мақтау қағазымен келесі оқушылар марапатталды: Алмасбекова Сымбат, Мусаева Ақерке, Байбек Нұрдаулет, Бегимов Бауыржан.