Қаңтардың 11.01.2018 жыл күні мектебіміздің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «IV өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауын талқылады. Жолдауды мектеп директоры педагогика ғылымының кандидаты Самал Ботаханқызы таныстырып іске асыру жолдарын атап өткеннен кейін, мектебіміздің тарих кафедрасының оқытушысы Нугуманов Сырым жолдаудағы көтерілген 10 бағытқа жан-жақты тоқталып айтып өтті.Сондай-ақ жолдауда көтерілген міндеттерді іске асыруға байланысты ұстаздар қауымы өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, кейбір түсінбеген мәселелеріне қанағаттанарлық жауаптарын алды. Жолдаудың соңын тарих пәнінің мұғалімі Масғұт Хасен көтерілген міндеттерді іске асыруға байланысты мектебіміздегі өткізіліп келе жатқан ғылыми зерттеу жұмыстарына яғни жетінші бағыт адам капиталы туралы мәселелерге кеңінен тоқталып, әріптестерімен ой бөлісті. Жолдауда көтерілген міндеттерді қызу қолдаған ұстаздар қауымы жолдауды қолдауға бір кісідей ат салысуға дайын екендіктерін білдіріп жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны