

Қиқымбекова Мейрамкуль Кайруллина 3 «Е» сыныбында дүниетану пәнінен «Ауа.Ауаның қасиеті» тақырыбында өткен ашық сабақ өте жоғары деңгейдегі үлгілі сабақ деуге болады.Ауаның қасиетін түрлі тәжірибелер арқылы анықтады.Тәжірибе жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерінде еске түсіруді тыс қалдырмады.«Таза ауа-жанға дауа» нақыл сөзімен сабақты қортындылай,оқушылар кері байланыс жасады.Келесі ашық сабақты Мухамадиева Г.М дүниетану пәнінен «Қазақстан – менің Отаным»тақырыбында өткізді.Топ тапсырмасын орындай отырып, пазл бөліктерінен Қазақстанның картасын құрастырды. Картамен оқушылар әр түрлі жұмыстар жасады, Қазақстанның ежелгі қалалары мен өзен-көлдерімен, таулары мен Каспий өзенімен танысып, олардың орналасу орнын тапты. Туып өскен жерлерін іздеп тапты.Дельманова Ж.Тжаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың тақырыбы: «Денеге қалай күтім жасау керек?».Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға топтық тапсырмалар берілді. 1-топ: дәрігер болып өз тобыныңы тістерін тексеру, тіс не үшін ауырады, тіс тазалайтын таяқшаның зияны және тіске пайдалы дәрумендер жайлы айту. 2-топ: тіс макетіне қарай отырып тістердің түрлері мен атқаратын қызметтерін анықтау. 3-топ: тазалыққа судың маңызы қандай ? деген сұраққа алдарына берілген қима қима суреттер пайдалана отырып, қорғау. 4-топ: жеке гигиена ережесін қима сөздердің ішінен керенгін таңдап құру жұмыстары тапсырылды.Закарина А.Т. әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың тақырыбы: «Қырдың жас түлегі».Оқулықтағы мәтіннің мазмұнына сай көрініс көрсетіп сахналады. Шоқанның өмірі, шығармашылығы жайлы интернет желісінен іздеп тауып, мәтін кейіпкерінің тарихшы, этнограф , саяхатшы екенін білді.Серікбай Ж.С дүниетану пәнінен « Табиғаттағы су айналымы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.. Әрі қарай сабақ тәжірибемен жұмыс жасау арқылы жалғасты.Мырзапейсова Ғ.Б әдебиеттік оқу пәнінен « Төрт ана » тақырыбында ашық сабақ өткізді.Тордағы құстарды құтқару ойынымен сұрақтарға жауап алу арқылы үй тапсырмасы тексерілді.Сарина А.К қазақ тілі пәнінен «Жай және құрмалас сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Жаңа сабақ бойынша оқушылар жеке, топтық жұмыстар жасады. Әр топ салт-дәстүрге байланысты топтарымен бірлесе отырып, шығармашылық жұмыстарын қорғады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны