"Ақылы үйірмелерді ұйымдастыру".
№65 мектеп - гимназиясында 12 қаңтар күні қамқоршылық кеңесінің төрайымы Орманова Алтынай Асылбекқызының ұйымдастыруымен "Мектепте ақылы үйірмелерді ұйымдастыру" бойынша барлық 1-11 сынып ата - аналарымен жиналыс өтті. Ондағы мақсат: мектеп оқушыларымен ақылы үйірмелерді ұйымдастыру жолдары мен тиімді жақтарын түсіндіру. Ата - аналарға түсіндіре отырып, қандай үйірмелерді ұсынатындарын да сұрады. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Орманова Алтынай Асылбекқызының мектептегі оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуына қатысты сұрақтарға да жауап бере отырып, ата - аналарды бірлесіп, ынтымақтасып жұмыс жасауға шақырды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии