Елбасы жолдауы
Мектебіміздің салтанат залында кезектен тыс педагогикалық кеңес өтті. Жиналыстың басты тақырыбы: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының жолдауы болды. Мектеп директоры Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы алғашқы сөзді өзі алды. Саяси мәні маңызды болған, бірқатар мәселелердің басын ашқан Елбасы сөздерін тарата айтып, жолдауға сәйкес жоспар құрып, соның негізінде жұмыс істеу керек деп баяндамасын аяқтады. Келесі кезекте бастауыш сыныптың мұғалімі Мұсабекова Шолпан Ақанқызы жолдаудағы бірінші мәселе бойынша өз ойымен бөлісті. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Жұмабекова Айнагүл Мұхамбетқызы Елбасы жолдауының жетінші мәселесіне тоқталып, үш тілділік жөнінде айта келіп, қазақ тіліне көбірек көңіл бөлу керектігін тілге тиек етті. Жас маман бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Амангелдиева Салтанат Оспанқызы және математика пәнінің мұғалімі Дүйсекова Гүлзира Тоқанқызы өз пікірлерін ортаға салып, Елбасы жолдауын қолдауға шақырды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии