№ 48 мектеп-лицейінің 8 «Ә» сынып оқушысы Рақым Шұғыланың 2017 жылдың 24 қазанында «Сиқырлы тұмар» атты ертегісі газет бетіне шықты. Осылайша жас қаламгерлер позициясынан жоғары орын алып, кезекті рет білім беру нарығында өзінің жоғары бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді. Шұғылаға және бүкіл мектеп ұжымына денсаулық, табыс, кәсіби жетістіктер және барлық шығармашылық ойларының іске асуына тілектеспіз! Шұғылаға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым отбасының көз қуанышы болып, аман – есен жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін демекпіз. Ең бастысы, қазақтың қызы деген атқа лайық болсын.
Өмірдің жазынан, күзінен,
Әр батқан кеш сайын, таң сайын,
Шұғыла нұр шашар жүзіннен,
Болшы сен ел сыйлар ханшайым.
Бұйырған маңдайдың бағына,
Бір сенде - құт пенен дәулет те.
Ақ сәуле төгетін қоғамға,
Жұлдыз боп тудың сен әлбетте!
Шұғылаға Қазақстанның өркендеуі жолында қаламы мұқалмай қызмет ете беруіңе тілектеспіз. Даңқынның тұғыры биік болып, ғылымның жаңа шыңдарына көтеріле беруіне тілектеспіз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны