Қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті
30 қазан 2017 жылы қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті.
Оқушыларды адамгаршілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор, болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шара көпшілік көңілінен шықты. Жүз жылдан аса тарихы бар мектептің іргетасы қаланғаннан бастап бүгінгі күнге дейін еңбек еткен ұстаздар – біздің мақтанышымыз!
Бізде «қарттар күнін» мерекелеу аясында ардагерлерге сый-құрмет көрсету игі дәстүрге айналған. Қарттар күніне арналған мерекелік «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы шеңберінде білім ошағында еңбек ардагерлері мен зейнеткер ұстаздарды құтықтап, 7-10 сыныптардың оқушылары мен сынып жетекшілері сыйлық жасап, мерекелік ән-шашу ұйымдастырды. Әрбір сыныптарда тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өткізілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии