Меню KDT

Новости

Главная Новости

“Табиғат білгірлері ” сайысы

Бастауыш сынып оқушыларының қысқы демалыс уақытын қызықты әрі белсенді өткізу мақсатында 5 қаңтар күні  дүниетану пәні бойынша «Табиғат білгірлері» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды. Танымдық ойын – сайысына мектебіміздің 3-сынып оқушылары қатысты.    Бес кезең бойынша өткізілген сайыс балалардың дүниетану пәні бойынша алған білімдерін шыңдап, дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар  жануарлар жайлы қызықты да тың мәліметтерін айтып, өзара үйретуді жүзеге асырып, топта ұйымдасқан түрде жұмыс жасай білді. Әсіресе балалардың ұшқыр қиялдарын ұштау мақсатында ұйымдастырылған «Менің қиялымдағы жануар» кезеңінде балалар ерекше құштарлықпен жұмыс жасап, ерекше бейнелер сала білді.

Сайыс қорытындысы  бойынша  жүлделі І орын -  3 «А» сынып оқушыларына   бұйырды.  Екінші орынды - 3 «Ә» және 3 «Ғ» сынып оқушылары иеленді. Үшінші орынды -  3 «Б» және 3 « В» сынып  оқушылары бөлісті. Аталмұш шара балаларға мол білім мен қамқоршылық пейіл ұялатып табиғатқа жақын болудың маңызын аша түсті.

   

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны