«Ашық есік күні»
2017 жылдың 23 желтоқсан күні мектебімізде Қамқоршылық кеңес, мектеп әкімшілігі және ата-аналар комитетімен бірлескен «Ашық есік күні» жобасы өтті.
Жоба барысында :
1) Оқушылардың жеке шығармашылық көрмесі;
2) «Ғылым әлемі» атты танымдық көрме;
3) Оқушылардың шығармашылық әрекетінің фото- галлереясы;
4) «Қуаныш сыйла!» жаңа жылдық қайырымдылық акциясы;
5) Мерекелік фуршет ұйымдастырылды.
Мектеп әкімшілігінің I жартыжылдық бойынша жұмыс қорытындысы ата-аналар назарына ұсынылды.
«Ғылым әлемі» танымдық көрмесінде мектеп оқушыларының әр түрлі ғылыми жарыстарда жүлде алып жүрген жобалары мен робототехника пәнінің жетістіктері қойылды. Әр оқушы өзінің жасаған жобасы мен макетін ата-аналар алдында қорғады. Физика, химия, робототехника бойынша қорғалған жобалар ата-аналардың қызығушылығын танытты.

«Ғылым әлемі» көрмесімен қатар спорт залда мектеп оқушыларының республикалық, халықаралық олимпиадалардан, шахмат жарыстарынан алған марапаттарынан оқушының жеке авторлық көрмесі ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шарадағы басты бөлімдердің бірі- «Қуаныш сыйла» жаңа жылдық қайырымдылық акциясы болатын. Бұл жобаға 12 сыныптың ата-аналары белсенді түрде ат салысты. Топ болып жиналған сыйлықтарды мектеп мұғалімдері мен, белсенді оқушылар бірігіп, қаламыздағы №34 мектеп пен №56,81,35 мектеп-лицейге барып аз қамтылған отбасы оқушыларын өздерінің замандастарын, іні-қарындастарын жаңа жыл мерекесімен құттықтап қайтты. Бұл іс-шара жетекші мектептердің басқа да серіктес мектептермен тығыз достық байланыс орнатуының, тәжірибе алмасуының негізі болды.

«Ашық есік» күнінің түйіні мектепішілік ата-аналар жиналысымен аяқталды. Жиналыста мектеп директоры Әлия Жәнібекқызы мектептің І жартыжылдық оқу-тәрбие жұмысына қорытынды жасады. Жиналыс соңында ата-аналар «Тілек ағашына» өз тілектері мен ұсыныстарын қалдырды, белсенді ата-аналар мектеп директоры атынан алғыс хатпен марапатталды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии