Меню KDT

Новости

Главная Новости

Бурабай – Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын  ХХІ ғасыр биігіне көтеретін бағдарлама болса, «Туған жер» бағдарламасы отаншылдықтың, ұлтжандылықтың кепілі. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек. Біздің мектеп те патриотизмнің ең жақсы үлгісін көрсетуде. Өлкетану жұмыстарын жүйелі жүргізіп, айшықты іс-шаралар өткізудеміз. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, танымдық-рухани тәрбиені оқушы бойына сіңіру мақсатында «Бурабай-Шучье» курорттық аймағында орналасқан «Лесная сказка» демалыс орнына 162 оқушы барып қайтты. Бұл ауқымды іс-шараның басында мектеп директоры Садыкова Зауре Жақанқызы, Нуралиева Сырғагүл Сайлаубекқызы, Ахметкалиева Мара Жамбылқызы, Қожахметова Бижамал Қуанышбекқызы, Бейсембаева Майра Әленқызы, Ибраймова Қамажай Ибраимқызы, Кажуева Айсұлу Хайргелдіқызы, Темиркулова Сандуғаш Қайнарбекқызы, Хамзина Жұлдыз Ерболқызы, Смагулова Арай Серікбекқызы, Жанатхан Қуанбек, Төлендиев Нұрділдә Амангелдіұлы сынды ұстаздар қауымы болды. Оқушылар сұлу табиғаттың аясында күнделікті өмір тіршілігінен арылып, қоршаған ортаның қуатын бойларына сіңірді. Оқушыларға жаяу жүрістер, шаңғы және коньки, қарда жүргіштер, салт атпен серуендеу, саяхатқа шығу қайталанбас тынығу сәттерін  сыйлады. Сондай-ақ ең көрікті жердегі табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік туғызды. Осындай игі істер жалғасын таба берері сөзсіз...




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны