2017 жылдың 23-28 күндер аралығында №59 мектеп-лицейінде жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар өткізілді. Желтоқсанның 23-жұлдызында бастауыш сынып оқушылары шымылдығын ашқан шара қызыққа толы болды. Мерекенің дүбірлі өтуіне барлық сынып оқушылары мен сынып жетекшілері белсене ат салысты. Бастауыш , 5-7 сыныптарға аяз ата ақшақарын ертіп келіп өнерлерін тамашалап, құттықтай отыра өз сыйлықтарын таратты. Мектебіміздің оқушылары арасынан белсене шыққан аниматорлар мерекені қыздыра түсті. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы да 8-11 сыныптар арасында жаңа жылдық кеш ұйымдастырды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны