Қысқы демалысты аса белсенді өткізуге бел байлаған балалар өз қолдарымен алаңға әр түрлі мультфильмдер мен ертегі кейіпкерлерінің мүсінін қардан қалап, шағын қалашық жасады. Белсенділік танытқан ата-аналар мен оқушылар көптеген мейірбан кейіпкерлерді жасау арқылы демалыстарының тағы бір күнін аса пайдалы өткізе білді. Кейіпкерлерге ат қойып, оларды түрлі-түсті бояулармен безендіріп, мектеп ауласын шаттыққа бөледі.