Астана қаласы №8 орта мектеп ата-аналарының қамқоршылық кеңес
ХАТТАМАСЫ
08.09.17ж.
Қатысқаны:11 ата-ана, мектеп директоры Мухаметжанова А.А., оқу-тәрбие ісі орынбасары Айжарыкова Г.Т., тәрбие ісі орынбасары Шаханов О.С.
Күн тәртібінде
2017-2018 оқу жылындағы оқу жүктемесінің бес күндік оқу аптасына көшу туралы нұсқау ұсынысын талқылау.
Тыңдалды:
Мектеп директоры Мухаметжанова А.А. күн тәртібіндегі2017-2018 оқу жылындағы оқу жүктемесінің бес күндік оқу аптасына көшу туралы нұсқау ұсынысмен ата-аналар қамқоршылық кеңесі мүшелерін таныстырды. Қамқоршылық кеңесіндегі ата-аналар айтылған ұсыныс бойынша өз пікірлерін білдірді.
-Садыбекова Служан Рамазановнаның пікірі: -Мен айтылған нұсқау ұсыныспен толық келісемін. Себебі қазіргі таңда бес күндік оқу жүйесіне 1,2,5,7-сыныптар еніп, сабақ 40 минуттан өткізіліп жатыр. Ал басқа сыныптарда сабақ 45 минуттан өткізіледі. Оқушылар бір мектеп ғимаратында отырып екі түрлі қоңыра кестесі сабақ үдерісіне кедергі болатыны белгілі. Сондықтан бұл ұсыныс өте дұрыс қолға алынып отыр. Біздің мектеп оқушыларының бес күндік оқу жүйесіне көшкенін ата-аналар қолдаймыз.
-Алтынбай Муса Садуақасұлы пікірі: -Мен де осы айтылған шешімге толық келісемін. Расында да, келесі оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына қалған сыныптар көшетіні белгілі. Сондықтан биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап бес күндік оқу жүйесіне көшуге қарсы емеспін.
- Л.Б.Балғожина пікірі:- Айтылған пікірлерге мен де толықтай келісемін. Біз, мемлекттік салада қызмет атқаратын ата-аналар сенбі, жексенбі күндері үйде боламыз. Сондықтан балаларымызға көңіл бөліп, үйде ата-ананың жанында болғанын дұрыс деп ойлаймын.
Жоғарыда айтылған ата-аналар пікірлеріне қалған қамқоршылық кеңесінің мүшелері толық келісіп, бес күндік оқу жүйесіне көшуді дұрыс деп қолдады.
Қаулы:
2017-2018 оқу жылындағы оқу жүктемесінің бес күндік оқу аптасына көшу туралы нұсқау ұсынысы қабылдансын.
Ата-аналар қамқоршылық кеңесі төрайымы:
Ата-аналар қамқоршылық кеңесі хатшысы:
Ата-аналар қамқоршылық кеңесі мүшелері:
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны