«Тәуелсіз елге білімді ұрпақ» атты мерекелік іс-шара
Кешенде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған 16 желтоқсан ҚР "Тәуелсіздік күніне" арналған балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Тәуелсіз елге білімді ұрпақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Тәуелсіздік – қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің рәміздері – ол рухани байлығымыз, ұлттық белгіміз екенін, оның нышанын таныта білу және болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты Отансүйгіштікке, Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Мерекеде тәрбиеленушілер Мемлекеттік рәміздердің мағынасын айтып, Отан, туған жер туралы өлең-шумақтарын оқыды.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии