Меню KDT

Новости

Главная Новости

ҚР Тұңғыш Президент күні

Астана қаласы, Н.Әбдіров атындағы №33 "Балабақша-бастауыш мектеп" кешенінің ұйымдастыруымен 1-3 сынып оқушылары арасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасыға тілек» атты Елбасыға хат жолдау акциясы өтті. Акцияға кешеніміздің барлық оқушылары қатысып, терең білімді ой-өрісінің кеңдігімен әділқазыларды таңқалдырды.
Елбасы Н.Назарбаев «Ұлт болашағы – білімді ұрпақ қолында» деген салиқалы сөзі бекер айтылмаған болса керек, біздің балапандарымыздың Отанға деген, Елбасына деген сүйіспеншіліктері мен болашаққа деген көзқарастарын Елбасына жолдаған хаттардан байқадық. Таза бала жүрегімен, тілімен жазылған хаттарды оқу барысында біріміздің езуімізге күлкі, жүрегімізге жылу, бірде еріксіз көзге жас та ұялата білді. 
Осы акцияны қорытындылау барысында 2 "А" сынып оқушысы Шаймерден Саянның хаты "Ең үздік хат" номинациясымен марапатталып, үздік хат иесіне мектепке арналған қол сөмкесі сыйлыққа табысталды. Сонымен қатар үздік жазылған хаттарға 1,2,3 орындар беріліп, әр түрлі мектеп құралдары сыйлыққа табысталды және барлық оқушыларға сыйлықтар берілді. Ойының ұшқырлығы мен белсенділіктері бойынша ерекшеленген шәкірттеріміздің болашағы жарқын, шығар биігі асқар болсын демекпіз.








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны