«Мен қазақ қыздарына қайран қалам!..»
№51мектеп-гимназиясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясындағы «Өркендеу» жобасы бойынша «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!..» атты мектепішілік іс-шара болып өтті. Шараға сыйлы қонақтар шақырылды. Олар: Айсина Майра Арапқызы - мұғалім, заңгер, «Нұр-Отан» орталық аппаратының жетекшісі және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі қызметтерін атқарған, 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты және Бахаргүл Төлегенқызы - қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптейтін, қазақтың ою-өрнектерімен әсемделген зергерлік өнер туындыларын заман талабына сай жаңғыртып, көне ұлттық нақыштағы жәдігерлерді жинақтаушы-этнограф, қазақтың мәдени мұрасын әлемге танытып жүрген «Әдемі-ай» ұлттық компаниясының басшысы және Арайлым Рақымқызы - әнші, "Алтын домбыра" фестивальінің лауреаты, бүгінде қазақ ән өнерін насихаттап, ұлт руханиатына толассыз қызмет жасаап келе жатқан, қазіргі таңда Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филормониясының классика және эстрада, вокал бөлімінің директоры.
Шара басында мектеп директоры Дүйсенова Күнімхан Смағұлқызы құттықтау сөз сөйледі.
Шара үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – білімді қыз. Екінші кезең – өнерлі қыз. Үшінші кезең – бұрымды қыз. Қыздар өз өнерлерін ортаға салып, нәтижесінде бас жүлдені 7 «б» сынып қыздары, 1 орынды 7 «д» сынып қыздары, 7 «ә» сынып қыздары, 2 орынды 7 «в» сынып қыздары, 7 «з» сынып қыздары, 7 «а» сынып қыздары, 3 орынды 7 «ж» сынып қыздары, 7 «е» сынып қыздары, 7 «г» сынып қыздары иеленді.
Шара өте жоғары деңгейде өтті.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии