«Тәуелсіз елім- тірегім» тәрбие сағаты
2017 жылдың 15 желтоқсаны күні 1-11 сынып оқушыларына «Тәуелсіз елім- тірегім» атты тәрбие сағаттары өтілді. Тәрбие сағаттардың мақсаты шәкірттеріміздің бойында ұлтжандылық пен патриоттық бағыттың аса зор қасиеттің болуын көздейді. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 26 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны