Астана қаласы №80 мектеп-гимназиясында «Келешекке кемел біліммен » тақырыбында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасының негізгі бағыттарын насихаттау және ілгерілету бойынша
кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: «Келешекке кемел біліммен» тақырыбында алдағы уақытта мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра отырып ,қазақ әліпбиін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмыстарын жүргізуді қолға алу. Ұйымдастырылған іс- шара өскелең ұрпақтың бойында латыншаға көшірудің терең логикасы бар екендігі, бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның , коммуникациясының , сондай-ақ, XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты екендігін жеткізу.
Кездесуге С.Сейфуллин атындағы мұражайдың ғылыми қызметкері Қойшыбай Мұқият және Сарыарқа ауданы бойынша «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау жұмысының модераторы Шамуратова Рысжан Шерниязқызы келді.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны