Алаш автономиясының 100 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» халықаралық ғылыми-теориялық конференция
2017 жылы 14 желтоқсанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде №48 мектеп-лицейімен бірлескен Алаш автономиясының 100 жылдығына арналған дәстүрлі «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Дихан Қамзабекұлы, №48 мектеп-лицей директоры Садыкова Зауре Жақанқызы, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің директоры Имахамбет Райхан Сахыбекқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркітану және алтайтану ғылыми зерттеу орталығының директоры Қаржаубай Сартқожаұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрысбек Рахымжан,
«Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Жүсіп Сұлтанхан Аққұлұлы, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Бекжан Әбдуәлиұлы сонымен қатар, Түркия Денизли қаласынан профессор, доктор, Памуккале университеті қазіргі түркі тілдері және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Бирай Негиз он-лайн режиміне қосылып, баяндама оқыды. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» мақаласымен үндескен тағлымы мол жиын болды. Ұлт ұстазы, алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының болашағы үшін күресі, қайраткерлігі, ғылыми еңбектері бүгінгі жас ұрпаққа өнеге. Ұлы тұлға халыққа қызмет етудің үлгісін жасап кетті. Рухани сабақтастық пен әріптестік қызметтің дамуын көрсететін бұл конференция «ЕҰУ-Мектеп» бағдарламасының жүзеге асып жатқанының айқын белесі.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии