Меню KDT

Новости

Главная Новости

Нугуманова Самал Ботаханқызы «Табысты менеджер - 2017»

2017 жылдың 7-8 желтоқсанында «Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ–ның 5 жылдығына арналған білім беру ұйымы басшыларының «Табысты менеджер - 2017» І Республикалық байқауын өткізді.
Республикалық байқау 3 кезеңді қамтыды:
І кезең (аудандық) аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің базасында 2017 жылдың 25-26 қазан айында өткізіліп, 395 үміткер қатысты.
ІІ кезең (облыстық) облыстық, Алматы, Астана қалалық әдістеме бөлімдерінің базасында 2017 жылдың 15-16 қараша айында өткізіліп, 106 үміткер қатысты.
ІІІ кезең (республикалық) 2017 жылдың 7-8 желтоқсанда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институт (әрі қарай ББЖ ҚБАРИ) базасында өткізіліп, оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік және мемлекеттік емес орта білім беру ұйымдарынан: 12 -жалпы білім беретін, 8-ШЖМ, 6-ТжКБ ұйымдары басшылары қатысты.
Осы кезеңдердің бәрінен жоғары ұпай жинап, педагогика ғылымдарының кандидаты, мектебіміздің директоры Нугуманова Самал Ботаханқызы қатысып, ІІІ жүлделі орынды иеленді. Самал Ботаханқызы өзінің білімі мен және табандылығының арқасында әлі де толағай табыстарға жететіне сенімдіміз.
Еңбек жолыңызда қанатыңыз талмай, биік белестерге жете беруіңізге тілектеспіз!

  



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны