Қазан айының 23 мен қараша айының 23 аралығында №84 мектеп-лицейінің 2-4 сынып оқушылары арасында «Үздік оқырман» шеруі өтті. Оқушыларды кітап оқуға, әдеби тілде сөйлеуге жетелеп, тіл байлықтарын арттыру мақсатында өткізілген шеру 23-қараша аяқталып, параллель сыныптардағы ең көп оқыған сыныптар мен оқырмандар бойынша ең үздіктер анықталып, 3-желтоқсан күні салтанатты түрде қортындыланды. Оқырмандар кітаптарды оқып қана қоймай, өздерінің сүйікті ертегілерінен қойылым көрсетіп, достарымен бөлісу мақсатында кітаптарын көрмеге қойып, өз әсерлерімен бөлісті.
Шеру қортындысы бойынша 2 сыныптарда барлығы - 295 оқушы, 3 сыныптарда – 232 оқушы, 4 сыныптарда – 183 оқушы белсенділік танытқан. Аталмыш оқырмандар арасынан ең көп оқып, үздік болған 69 оқушы марапатталды. Бұл шеру бастауыш сыныптар апталығымен тұспа-тұс келіп, айрықша іс шара ретінде оқушылар мен ата-аналарға үлкен әсер қалдырды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны