Меню KDT

Новости

Главная Новости

№80 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік аясында мерекелік іс-шара өтті.

Астана қаласы №80 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға мектептің талантты оқушылары мен мұғалімдерінен бөлек Астана қаласы Ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Арқа әуендері» вокалды тобы қатысып әннен шашу шашты. Іс-шара басында мектеп-гимназия директоры Жарменова Гульмира Сергазиевна сөз алып жиылған қонақтарды. Ұстаздар мен. Оқушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сондай-ақ «Арқа әуендері» вокалды тобын мектеп ішілік іс шараға өз үлесін қосқаны үшіп марапаттады. Тәуелсіздік тақырыбына арнап жас ақын оқушылар Нұрсұлтан мен Данамен бірге музыка пәнінің мұғалімі Әлімбеков Нұрсұлтан да өз шығармашылықтарын көпшілік қауымға паш етті. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске ала отырып 8 «ә» - сынып оқушысы Тлеуберген Толғанай «Ай, Аналар» атты жауһар жырын көрермендерге оқып берді. 5 «В» сынып оқушысы Комарова Аружан «Мой Казахстан» әнін орындады. Жоғары сынып оқушылары мың бұралып би билеп көрерменнің көзайымы болды. Жүргізушілер Жетібай Көбей мен Каримова Мадина Тәуелсіздік алғаннан бергі еліміздің жетістіктерін жіпке тізіп шежірелі даталарға тоқталып өтті. Жалпылай алғанда Тәуелсіздік мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны