Меню KDT

Новости

Главная Новости

Менің Қазақстаным – менің болашағым!

9 желтоқсан күні Астана қаласының №84 мектеп-лицейі кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Менің Қазақстаным – менің болашағым!» атты әдеби-сазды мерекелік кеш өтті.

Кеш барысында белсенді оқушылар тәуелсіздік хақында жан жүрегіңді тебірентер әндерін шырқап, өлеңдерін оқыды. Әдеби кештің мәнді де сәнді өтуіне оқушылар мен ұстаздар белсене атсалысты. Ең бастысы, жиналған қауым да, оқушылар да рухани азық жинады.

«Бабалардың рухын жаңғырту, жас буынға олардың ерлігін насихаттау мақсатында өткізілетін осындай шаралар көп болса деп тілейміз. Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы да ұлт болып ұйысу, жұрт болып жұмылу мақсатын көздейді. Ал ынтымаққа ең алдымен Қазақстанның жас буыны ынталы болу керек. Осынау ізгі үлгіні біздің мектеп оқушылары көрсете алды деген ойдамын»,  – деді кеш соңында ізгі тілегін білдірген директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.И.Жапина.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны