«Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақстан» атты фотосурет байқауы
Мектебіміздің салтанат залында 7-сыныптар арасында «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында фотосурет байқауы өтті. Оқушылар үш кезең бойынша сайысты. Бірінші кезең таныстыру болса, екінші кезеңде постер қорғау, үшінші кезеңде патриоттық ән айту. Байқауға әр сыныптан 5-6 оқушы қатысты. Нәтижесінде әділқазылардың шешімімен 7 «А» сынып оқушылары І орынға ие болды. ІІ орынға 7 «Б» сынып оқушылары мен 7 «В» сынып оқушылары жайғасты. ІІІ орын 7 «Ә» сынып оқушылары мен 7 «Г» сынып оқушыларына бұйырды.