«Тәуелсіз Елімнің Жасұланы»
2017 жылдың 6 жетоқсан күні Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіз Елімнің Жасұланы» атты Жасұлан және Жасқыран ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Бұл рәсім Еліміздің тәуелсіздігінің 26 жылдығына сәйкес келіп отыр.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, өйткені, сонау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өткен.
Жасұлан және Жасқыран ұйымына қабылдаудағы негізгі мақсат – Тәуелсіз Қазақстанның көк туын желбіретіп, оқушыларды патриоттық сезімге бөлеп, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының әнұранынан бастау алды. Рәсімдік қабылдау құрметке ие оқушылардың қатарында мектебіміздің халықаралық, республикалық, қалалық байқаулардан орын алған балалар болды.
Жасұлан және Жасқыран ұйымына қабылданған оқушылар ант берді. Оларға галстук пен төлбелгі тағылды. Салтанатты шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кемельбаева З.С., және мектебіміздің бірнеше ұстаздары Нүрекенова А.А., Даулетчина С.С., Серікұлы Т., Кизатова А.О., Зияданова Ү.Б., Ибраева Ш., Монтаева С.А., сонымен қатар мектеп ұланбасысы Көшербай Ғасырбек қатысты. Қабылдау рәсімімен оқушыларды қазақ тілі пәні мұғалімі Нүрекенова А.А. құттықтады.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии