30 қарашада 9а, 10а сыныптарында Тұңғыш Президент күніне арналған «Туған жер – Туған ел» атты сынып сағаты өтті. Шараның мақсаты – әрбір қазақстандықтың тұлғалық дамуы үшін үшінші жаңғыру мүмкіндіктерін талқылап, рухани жаңғыру құндылықтарын дамыту. Бұл сынып сағаты оқушылар оқу жылы бойына тұлғалық өсуінің жоспарларын жасаудың бастамасы болып табылады. Оқушылар сынып жетекшісі Утеубаева Айгуль Зияшевнамен бірге бейнефильм көріп, оның идеясы мен сюжетін анықтады. Рухани жаңғырудың алты желісін: бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы – топтарда талқылап, сынып алдында қорғады.






Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны