«Алаш қозғалысы және Әлихан Бөкейханов» зияткерлік танымдық сайысы
2017 жылдың 7 желтоқсаны күні №64 мектеп-лицейінде кітапханада 7-сыныптар арасында «Алаш қозғалысы және Әлихан Бөкейханов» зияткерлік танымдық сайысы болып өтті.1917 жылдың 13 желтоқсаны –қазақтың алғашқы үкіметі –Алашорданың дүниеге келген күні. Алаш қозғалысына 100 жыл толып отыр. Ғұмыры ұзақ болмаса да Алашорда үкіметінің идеялары қазіргі таңда да өзектілігін жойған жоқ.
Бұл танымдық сайыста оқушылар Алаш арыстары туралы және Әлихан Бөкейхан жайлы оқыған, білгендерін ортаға салды.Сайыс 3 бөлімнен тұрды. Оқушылар Алаш қозғалысы және Әлихан Бөкейханов туралы шағын жобаларын қорғап, монолог, эссе, мәнерлеп оқыды.Мектептің кітапхана меңгерушісі Г.Н Жорабекова «Алашқа-100 жыл» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Тарих пәні мұғалімдері қатысып, қорытынды сөз сөйледі.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии