Қызға қырық үйден тыйым
Өркендеу жобасын қолға ала отырып «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында
Мақсаты: қазақ қызының бойына ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерді дамыту.
Көрнекіліктер ретінде қазақтың әсем қыздары туралы суреттер, видео роликтерден үзінділер, фотосуреттері, нақыл сөздер, т.б.қолданылды.
Мұғалім халқымызда қыздардың тәрбиесіне ерекше мән берілетіндігі және оның себептері де баршылық екенін айта келе ол жөнінде өзге ұлт өкілдері де, өзіміздің ғұламаларымызда, ақын-жазушыларымызда айтып та, жазып та қалдырғандығын айтып өтті. Сондай – ақ З.Ахметова апамыз «Менің бір байқағаным қыздарымыз ұлттық үлгі-өнеге мәйегін білгісі келеді, алайда үйретушіге зәру. Қалай болғанда да ынта-пейілдері мол екенін талай кездесулерде көзім жетіп жүр» - деп айтуында үлкен мән бар екенін баса айтты. Сабақ барысында оқушылар берілген тапсырмаларға постер қорғап қыз баланың тәрбиесі қандай болу керек екенін айтып отырды. Оқушылардың тақырып төңірегінде берілген сұрақтарына жауап берілді.
Сабақ өте тартысты өтті. Сабақта мақал – мәтелдер жарысы болып, үздіктер іріктелді. «Тосыннан сұрақ» бөлімінде балаларға әртүрлі сұрақтар қойылып, олар ойланып жауап беріп, өздерінің көзқарастары мен ойларын еркін айтып отырды.Сабағымызға Салимжанова Дильяра мен Нурбекова Ажардың аналары ата мен әже болып киініп қонақ болып қыз балаларға өздерінің өсиет ақылдарын айтты.
Тәрбие сағатына сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен және асқан белсенділікпен қатысты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии