Құттықтаймыз!
Астана қаласы оқушыларының арасында президент күніне орай «Көшбасшы оқушы-2017» сайысы өтті. Мектебіміздің 11 «Ә» сынып оқушысы Манкешева Айжан бұл сайыста «Дарын» номинациясына ие болды.
Айжан!
Ұлы ақын Абай дана айтқандай, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесі ғана осындай ірі додаларға қатысып, өзінің ақылымен, білімімен, адамгершілігімен алтын ұя мектебінің намысын қорғай алады. Биылғы жылы сенің арманның асқарына қол созып, болашағыңа үміт артатын жылың. Білім белесінен қиналмай өтіп, қалаған оқу орнының грантына ие болуыңа шын жүректен тілектеспіз!
Шын ниетпен адал достарың мен ұстаздарың
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии