"LAULA-2017" атты Халықаралық балалар шығармашылық байқау
4 қараша күні Оқушылар сарайында "LAULA-2017" атты Халықаралық балалар шығармашылық байқауы өтті. Біздің Н.Әбдіров атындағы №33 "Балабақша-бастауыш мектеп" кешенінен мектепалды даярлық сыныптарының оқушыларынан құралған "Нұркен жұлдыздары" тобы "Вокалдық өнер" номинациясы бойынша "Қошақаным" әнімен қатысып, яғни біздің балапандарымыз алғаш рет киелі үлкен сахнаға қадам басып, өз бақтарын сынады. Балапандарымызға болашақта сәттілік серік болып, алдағы уақытта биік жетістіктерге жетіп, жүлделі орындарды иеленіп, біздің мақтанышымыз болып жүрулеріне ұжым болып тілектеспіз! Алдағы қадамдарыңыз нұрлы болсын, Нұркен жұлдыздары!



Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии