Қараша айының 13-18 күндері аралығында мектепте «Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары» атты қазақ тілі мен әдебиетінің апталығы өткізілді. Апта бойы өткізілген іс-шаралар тілтанушы, зерттеуші, ғалым, алаш қайраткері А.Байтұрсынұлына арналды. Осы бағытта пән мұғалімі А.Әбуева 10-11-сынып оқушылары арасында «Ұлт қайраткері – А.Байтұрсынұлы» атты танымдық-зерттеу конференциясы өткізсе, орта буын оқушылары арасында ақынның өлеңдерін оқу(ұйымдастырушы М.Тлейхан), мысалдары бойынша сахналық қойылымдар және суреттер сайысы (ұйымдастырушылар Ж.Аренова, А.Магзумова), ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты білгірлер сайыстары(ұйымдастырушы Н.Смагулова) өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г.Капшаева 11 «А» сыныбында ақынның «Маса» жинағы бойынша зерттеу сабағын өткізді. Апталық қорытындысы ретінде пән мұғалімдері Л.Ильясова мен А.Момынқұлованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияға филология ғылымдарынығ докторы, профессор Б.Әбдуалиұлы, Халықаралық тілші, алаштанушы, «Алаш» зерттеу институтының директоры Сұлтан хан Аққұлұлы қатысты. Мектеп оқушылары ЕҰУ-нің оқытушыларының дәрістерін тыңдап, апталық жеңімпаздары ғалымдардың қолынан мадақтама қағаздарын алды.
«Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары» атты қазақ тілі мен әдебиетінің апталығының жоспары
«Ұлт қайраткері – А.Байтұрсынұлы» атты танымдық-зерттеу конференциясында 11 «Д» сынып оқушысы Тоғанбек Аяна жұмысын қорғауда
«А.Байтұрсынұлы: Ел – бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты көркемсөз оқушылардың сайысынан көрініс
«Сөз көсемі - Ахмет» атты білгірлер сайысына қатысушы оқушылар
А.Байтұрсынұлының мысалдарынан көрініс
Апталық жұмыстары көріністерінің жариялануы
А.Байтұрсынұлының шығармалары бойынша салынған суреттер көрмесінен
«Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары» атты конференцияның қонағы филология ғылымдарынығ докторы, профессор Б.Әбдуалиұлы
Пән мұғалімі Г.Капшаева 11 «А» сыныбында А.Байтұрсынұлының шығармаларына арналған ашық сабақ өткізді.
Жеңімпаздарды марапаттау сәтінен
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны