№58 мектеп –гимназиясында 2017 жылдың 2 қарашасында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының ерекшеліктері және оқыту жағдайы» тақырыбында жаңа форматта педагогикалық кеңес өтті. Мектеп директоры С.Б.Нугуманова тақырып бойынша жалпы мектептегі өзгерістер мен жаңалықтарға шолу жасады. Содан кейін 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін бастауыш және қоғамдық –гуманитарлық әдістемелік бірлестік мұғалімдері өз пәндері бойынша оқу бағдарламаларының әлді және әлсіз жақтарына талдау жасап шешу жолдарын ұсынды. Ақ қағаз, АКТ бойынша ұсыныстарын Самал Ботаханқызы сол жерде шешіп берді. Педкеңес позитивті тартымды өтті. Әсіресе мектебіміздің ардагер ұстазы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Секербекова Қарлыға Мейрамовна мен бастауыш сыныптың тәжірибелі мұғалімі Жұмашева Бақытгүл Жұматовнаның іс-тәжірибемен бөлісуі әсерлі, ұжымға шабыт бергендей болды. Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру барысында педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында оқыту семинарлары мен курстарға қатысуын қамтамасыз ету жоспарлы түрде ұйымдастырылуын күн тәртібіндегі бірінші мәселеге екендігі ескертілді.






Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны