Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» тобы студенттерінің өндіріске жасаған саяхаты

        Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік техникалық колледжі» КММ «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенттері қаладағы автоматтандырылған өндірістік комплекс «Ютария ltd» компаниясына саяхатқа барды.

         «Даму» Қорының кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «2020 бизнес Жол картасы» бағдарламасы аясында ТОО «Astana Ютария ltd» компаниясы құрылған.

          Бүгінде ТОО «Astana Ютария ltd» мен түрік компаниясы «Guzelce Makina» арасында кәсіпкерлік байланыс орнаған. Компанияда 1000-нан аса жұмыс орны ашылған.

Компания әлемнің жетекші елдерінен әкелінген жоғары технологиялы бренд тігін жабдықтарымен жабдықталып, Еуроодақ стандартына сай жоғары технологияны қолданысқа енгізген.  Турциядан шақырылған білікті маман – Сезаи Иброшка жұмыс жасайды. Оның басшылығымен  Zara, Massimo Dutti, Mango сияқты әлемге әйгілі брендтер тігілген.

Студенттерді компания қызыметкерлері жылы қарсы алып, өндіріс жүйелерімен жеке-жеке тоқталып, таныстырды.

  Көрме залында «EXPO 2017» көрмесіне арнап тігілген костюмдер, өте сапалы бұйымдар –Қазақстандық бренд шығарылады. Олар тоқыма бұйымдары, орамал түрлері, көйлек, костюм, арнайы киімдер, жамылғылар, мектеп оқушысының формасы, әскери формалар, аяқ киімдер және т.б.

           Ары қарай студенттер автоматтардырылған құрылғылар мен өрнек тігу машинасының жұмыс істеу тәртібін, дайын бұйымның шығу үрдісін студенттер ақылады.

            Экспериментальды цех жұмысымен танысты. Бұйым өңделуін бақылады.

Пішу цехындағы автоматты материалды төсеу, лекала салу, кесу аппараттарының жұмыс жүйесімен танысты.

          Тігін цехында жұмысшылардың жұмысты жүргізу, бұйымды тігу, түйіндерді өңдеу жолдарын көрді.

Студенттерді компанияда жұмыс істеуге шақырды. Тігінші, пішуші, суретші-модельер мамандары аса сұранысқа ие.  Жұмыскерлерге барлық жағдай жасалған. Студенттер қонақ күту залында естелік суреттерге түсіп, компания атынан берілген сыйлықтарға риза болып, жақсы әсерде тарасты. Әрбірінің ойында осы компанияда жұмыс істесем деген арман мен мақсат қалды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны