Меню KDT

Новости

Главная Новости

№24 орта мектеп 2016-2017 оқу жылы. Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің 14-19.11.16ж 3-4 сыныптар аралығында өткен апталық

                                                    

                   №24 орта             мектеп                                                                                                            
   2016-2017 оқу жылы.                                                                                          
   Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің 14-19.11.16ж 3-4 сыныптар аралығында өткен апталық қорытындысы туралы                 анықтама                                                            
 

               Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің 2016-2017 оқу жылына арналған өткізілуге тиісті апталығы 14-19.11.16ж.Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты апталығымыз 30 қарашаға дейін созылды.Бастауыш сынып бірлестігінің апталығы өз дәрежесінде өтті.

Барлық мұғалімдер ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын көрсетті, сынып аралық сайыс сабақтары да болды. Сабақтардың барлығы БжС технологиясы бойынша жақсы өтті. Өтілген әр сабақтың өз жаңалығы болды.   Барлық межелеген іс-шаралар уақытында, жоспарға сәйкес өткізілді. Апталық жоғарғы  әдістемелік деңгейде, ұйымдасқан түрде өткізілді. Мұғалімдердің көбісі жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік шығармашылық жағдай қалыптастырды. Оқушылар әр түрлі пәндерден жақсы білімдерін көрсетті, өздерінің білімдерін әр түрлі жағдайда қолдана білді, бір-біріне қолғабыстарын  тигізді, күрделі сұрақтардың  қиын жауаптарын тапты.

Сабақтарға тоқтала кетсек:


14.11.16 күні «Білім негізі-бастауышта» атты апталықтың ашылу салтанаты Бильтаева А.С ұйымдастырылуымен өтті. Оқушыларға апталықтың мақсаты мен міндеттері таныстырылды.

         

                             

 

24.11.6 күні 3 «В» сынып жетекшісі Тапенова А.А-ның қазақ тілі пәнінен «Тұрлаусыз мүшелер» тақырыбында өткізілген сабағы топпен, әр-түрлі әдіс-тәсілмен өте тартымды өтті. Оқушылар өздеріне берілген жұмыстарына жауапкершілікпен қарап,қорғай білді.

 

24.11.16 күні 4 «Ә» сынып жетекшісі Медеуова Б.С-ның қазақ тілі пәнінен «Қыстырма сөздер» тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақ беру барысында мұғалімдердің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеттері үлкен рөл атқарды. Оқушылар да өте сабаққа қызыға қатысып отырды.

       

25.11.16 күні БжС технологиясы бойынша республикалық семинар ұйымдастырылды.Семинарға БжС технологиясының авторы, ғылыми-практик Вассерман Федор Яковлевич келді. Семинарда 3 «А» сынып жетекшісі Кемпірбаева Г.Н «Батырдың ұрпағы» және 4 «Б» сынып жетекшісі Есмагамбетова Б.Ж ауызша 1 картасы бойынша әдебиеттік оқу пәнінен «Ақан Сері» тақырыбында сабақтарын көрсетті. Сонымен қатар 3 «Ә» сынып жетекшісі Дауей М.И математика пәнінен «Көбейту және бөлу кестесі» тақырыбында ашық сабағын көрсетті. Мұғалімдердің сабақтары өте жоғары деңгейде өтті.

          

 

28.11.16 4 «В» сынып жетекшісі А.Т. Бейсмолдаева математика пәнінен «Санды көбейтіндіге бөлу» тақырыбында, 3 «Г» сынып жетекшісі Тулегенова Ш.Б Әдебиеттік оқу «Алпамыс батырмен байшұбар ат» өткізген ашық сабақтарында оқушылар интерактивті тақтаны пайдаланып,шығармашылық жұмыстарын өздігінен қалай жасайтынын, балалардың арасында алғыр, зерек өз ойын ұялмай жеткізе білетін балалардың көптігі мұғалімдерді қуантты.
   

29.11.16 күні 4 «Г» сынып жетекшісі Дауленова Р.Ж «Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу қасиеттеріне негізделген есептер шығару » тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ көрсетті.Сабаққа оқушылар өте шапшаң әрі қызығып қатысып отырды .

Тек қана ашық сабақтар ғана емес сыныптан тыс жұмыстар да жүргізілді.Соның бірі АКТ залында өткен 3 сыныптар арасында Тулегенова Ш.Б «Тәуелсіздік көк туын көкке ұста» сын.тыс іс-шара өткізді.Барлық оқушылар белсене қатысты.

30.11.16 4 сыныптар арасында «Көсегесі қазақтың ұрпағымен көгерер» атты сайыс өткізілді.Жауапты 4 сынып жетекшілері.Оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетті Сайысқа қатысқан оқушылар іс-шараға сай   эмблемалар, киімдер киіп, ұрандарын асқақтатты.Бұл сайыста бас жүлдеге ие болған 4 «Ә» сынып оқушылары, жетекшісі Медеуова Б.С, бірінші орынға 4 « Б» сынып оқушылары,үшінші орынға 4 «Г» сынып оқушылары ие болды.Барлық сыныптар мақтау қағазбен марапатталды.

 

      

 


30.11.16 күні мектем АКТ залында «Ұлағатты ұстаздың ұстамы» атты апталықтың жабылуы Молдаханова А.Ж-ның ұйымдастырылуымен өтті.Сайыс жас мұғалімдердің арасында өтті.Мұғалімдер өздерінің тәлімгерлерімен өнерлерін көрсетті.

          

            Бұл сайыста «Үздік ұстаз» номинацияға ие болған Медеуова Б.С. «Өнерлі» номинациясына Жомартова Г.Ж, «Шығармашыл ұстаз» номинациясына Кусаинова А.С, «Шеберлі ұстаз» номинациясына Амиржанова А.А, «Кемел ұстаз» номинациясына Купанова Р.Н ие болды.

     

 

Қорыта келе бастауыш сыныптар апталығы өте әсерлі де қызықты өтті.Апталықтың жабылуында оқушылар,мұғалімдер мадақтамамен марапатталды. Бұл апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. Апталықтың жасқы өткізілуі бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп сенімді  айтуға  тұратын  жайт.  

Апталықтың жетістіктері:

1.Ашық сабақтардың толық өткізілуі.

2.Тәрбие сағаттарының әртүрлі тақырыпта қамтылуы.

3.Ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарында мұғалімдер интерактивті тақтаны тиімді қолдана білді.

4.БжС технологиясы бойынша сабақтардың өткізілуі

5.Өткен оқу жылында айтқан ұсыныстар орындалды.

Апталықта жіберілген кемшіліктер:

1.Мұғалімдер өткізілген сабақтарға толық қатыспады. Атап айтсақ : Бильтаева А.С,Шораева Г.Ә.

Ұсыныстар:

1.Сабаққа қатысу дәптерін толық арнау.

2.Оқушылардың тазалығына көңіл бөлу.

3.Әр іс-шараға арнап газеттер шығару.        

 

Директордың бастауыш сыныптар бойынша

оқу ісі жөніндегі орынбасары:                                     М.И.Дауей


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"